Еліміздегі 20 млн тұрғынның 3,4 млн-ы сақтандырылмаған. Олардың басым бөлігі – 35 жасқа дейінгі жастар. Бұл Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жүргізілген талдау нәтижесінде белгілі болды.
Бүгінгі таңда Қазақстан халқы 20 млн 95 мыңды адамды құрайды. Оның 3,4 млн-ы (17%-ға жуығы) МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында талдау жүргізіп, бұл азаматтардың кімдер екенін анықтады.
Талдау сақтандырылмағандардың 63%-ы – ерлер, ал 37%-ы әйелдер екенін көрсетті. Бір ескеретін жайт, аталған адамдардың басым бөлігі – 18 жастан 35 жасқа дейінгі жастар. Жалпы алғанда МӘМС-пен қамтылмаған азаматтардың көпшілігі – экономикалық белсенді халық.
Әлеуметтік мәртебе бөлігінде
Төлем жасаушыларды санаттар бойынша алып қарайтын болсақ, сақтандырылмағандардың 45%-ы – бұған дейін жалдамалы жұмыскер болғандар. Олар қазіргі уақытта жұмысқа орналаспаған немесе бейресми жұмыс істеуі мүмкін, сол себепті олар үшін міндетті төлемдер жүргізілмейді.
Сақтандырылмағандардың 21%-ы – бұған дейін бірыңғай жиынтық төлем төлегендер. Олар тұрақты төлем жасамағандар немесе 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖТ төлемінің тоқтауына байланысты жарна төлемегендер.
Сондай-ақ жеке кәсіпкерлер жарна төлеуді тоқтатқан. Олардың үлесі 7%-ды құрайды.
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт негізінде кіріс кіргізіп отырған жеке тұлғалар сақтандырылмағандар арасында 6,6%-ды құрайды, тағы 4,4%-ы – дербес төлеушілер.
Ал еліміздің азаматтарының 15%-ы бұрын-соңды МӘМС-ке жарна төлемеген және жүйеге қатыспаған.
Десе де бұл сақтандырылмағандар медициналық көмексіз қалады деген сөз емес. Оларға қажет болған жағдайда мемлекет кепілдік берген пакетке кіретін (мысалы, ЖРВИ, улану, жарақат алу, шұғыл операция) медицианалық қызметтер көрсетіледі. Нәтижесінде былтыр МӘМС жүйесінің қатысушысы болып табылмайтын 1,6 млн азамат 163 млрд теңгеге ТМККК аясында медициналық көмек алды.
«Е» санатындағы сақтандырылмаған азаматтарды қамту Қор сақтандырылмаған тұлғаларды, әсіресе әлеуметтік әл-ауқаттың шұғыл деңгейі болып табылатын «Е» санатындағы азаматтарды жүйеге (МӘМС) қосуда жұмысты жандандыра түсті. Отбасының цифрлық картасына сүйенсек, бұл өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдар, олардың табыс көзі мүлдем жоқ немесе өте төмен болғандықтан базалық қажеттілікті өтей алмайды. Сол себепті олар мемлекеттің қолдауына мұқтаж.
Қазір «Е» және «D» санаттарындағы азаматтарды бюджет қаражаты есебінен олардың жарналарын төлеу арқылы жүйеге тарту мәселесі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар деңгейінде қарастырылуда. Бұған дейін осы әлеуметтік топтардағы сақтандырылмаған азаматтардың тізімдерін жасау жұмыстары жүргізіліп, олар өңірлік штабтарға тапсырылды. Әр адамға арналған сауалнама парақтарын толтыру мақсатында емхана қызметкерлері үйлерді аралап, қоңырау шалу жұмыстарын жүргізді. Өңірлік штабтардың отырыстары өтті.
«Е» санатындағы сақтандырылмаған азаматтың әлеуметтік портреті Қордың жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізген науқанының қорытындысы бойынша сақтандырылмағандардың қатарында 179,6 мың адам «Е» санатына кіретіні анықталды. Олардың әр түрлі белгілер бойынша бөлді. Олардың басым бөлігі – 35 жасқа дейінгі жастар.
Тұрғылықты жері және мәртебесі
73% (130 839 адам) – емханаға тіркелген жері бойынша тұрады;
17% (30 002 адам) – басқа өңірде тұрады;
9% (16 859 адам) – табылмады;
1% (1 829 адам) – шетелге кеткен;
0,05% (91 адам) – қайтыс болғандардың есебінде.
Ескеретін жәйт, басқа өңірде тұратын адамдар тұрғылықты жері бойынша қайта тіркеуге тұруға мүдделі емес, өйткені дәл қазіргі уақытта оған қажеттілік жоқ.
Әлеуметтік мәртебе Сәйкестендіру жүргізілген 160841 азаматтың (тіркелген жері бойынша немесе басқа өңірде тұратын):
42% (68 109 адам) – жұмыс істемейтін адамдар,
32% (51 961 адам) – бейресми жұмыспен қамтылған және жеке кәсіпкер;
17% (28 683 адам) – үй шаруасындағы әйелдер;
4% (6 309 адам) – мүгедектігі бар адамдар; мерзімдік қызметтегі сарбаздар және мәртебесін анықтай алмағандар;
5% (7 779 адам) – жұмыс істеп жүргендеріне бір жыл толмағандар; студенттер, шетелде оқу оқитындар; зейнеткерлер, басқа мемлекеттерде төлем алып отырғандар; сотталғандар.
МӘМС-те мәртебенің болмау себептері: 54% – жарна төлеуге қаражаты жоқ,
29% – жарна төлегісі келмейді,
8% – ақылы медициналық көмек алады,
9% – сақтандырылуға уәде берді.
Бұл не берді және не істеу қажет? «Бұл талдау халықты қамту деңгейінің өспеуінің негізгі себебін анықтауға мүмкіндік берді, ол ең алдымен халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтуды арттыру үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жасаудың қажеттілігімен байланысты. Халықты МӘМС жүйесіне одан әрі тарту үшін бейресми жұмыспен қамтылғандар мен жеке кәсіпкерлермен нысаналы жұмыс жүргізу, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және басқа да шаралар қажет», – деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Айдар Нұралиев.
Медициналық сақтандыру қоры осы бағытта белсенді жұмысын жалғастырып, қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтін болады.
Талдау сақтандырылмағандардың 63%-ы – ерлер, ал 37%-ы әйелдер екенін көрсетті. Бір ескеретін жайт, аталған адамдардың басым бөлігі – 18 жастан 35 жасқа дейінгі жастар. Жалпы алғанда МӘМС-пен қамтылмаған азаматтардың көпшілігі – экономикалық белсенді халық.
Әлеуметтік мәртебе бөлігінде
Төлем жасаушыларды санаттар бойынша алып қарайтын болсақ, сақтандырылмағандардың 45%-ы – бұған дейін жалдамалы жұмыскер болғандар. Олар қазіргі уақытта жұмысқа орналаспаған немесе бейресми жұмыс істеуі мүмкін, сол себепті олар үшін міндетті төлемдер жүргізілмейді. Сақтандырылмағандардың 21%-ы – бұған дейін бірыңғай жиынтық төлем төлегендер. Олар тұрақты төлем жасамағандар немесе 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖТ төлемінің тоқтауына байланысты жарна төлемегендер.
Сондай-ақ жеке кәсіпкерлер жарна төлеуді тоқтатқан. Олардың үлесі 7%-ды құрайды.
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт негізінде кіріс кіргізіп отырған жеке тұлғалар сақтандырылмағандар арасында 6,6%-ды құрайды, тағы 4,4%-ы – дербес төлеушілер.
Ал еліміздің азаматтарының 15%-ы бұрын-соңды МӘМС-ке жарна төлемеген және жүйеге қатыспаған.
Десе де бұл сақтандырылмағандар медициналық көмексіз қалады деген сөз емес. Оларға қажет болған жағдайда мемлекет кепілдік берген пакетке кіретін (мысалы, ЖРВИ, улану, жарақат алу, шұғыл операция) медицианалық қызметтер көрсетіледі. Нәтижесінде былтыр МӘМС жүйесінің қатысушысы болып табылмайтын 1,6 млн азамат 163 млрд теңгеге ТМККК аясында медициналық көмек алды.
«Е» санатындағы сақтандырылмаған азаматтарды қамту Қор сақтандырылмаған тұлғаларды, әсіресе әлеуметтік әл-ауқаттың шұғыл деңгейі болып табылатын «Е» санатындағы азаматтарды жүйеге (МӘМС) қосуда жұмысты жандандыра түсті. Отбасының цифрлық картасына сүйенсек, бұл өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдар, олардың табыс көзі мүлдем жоқ немесе өте төмен болғандықтан базалық қажеттілікті өтей алмайды. Сол себепті олар мемлекеттің қолдауына мұқтаж.
Қазір «Е» және «D» санаттарындағы азаматтарды бюджет қаражаты есебінен олардың жарналарын төлеу арқылы жүйеге тарту мәселесі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар деңгейінде қарастырылуда. Бұған дейін осы әлеуметтік топтардағы сақтандырылмаған азаматтардың тізімдерін жасау жұмыстары жүргізіліп, олар өңірлік штабтарға тапсырылды. Әр адамға арналған сауалнама парақтарын толтыру мақсатында емхана қызметкерлері үйлерді аралап, қоңырау шалу жұмыстарын жүргізді. Өңірлік штабтардың отырыстары өтті.
«Е» санатындағы сақтандырылмаған азаматтың әлеуметтік портреті Қордың жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізген науқанының қорытындысы бойынша сақтандырылмағандардың қатарында 179,6 мың адам «Е» санатына кіретіні анықталды. Олардың әр түрлі белгілер бойынша бөлді. Олардың басым бөлігі – 35 жасқа дейінгі жастар.
Тұрғылықты жері және мәртебесі
73% (130 839 адам) – емханаға тіркелген жері бойынша тұрады; 17% (30 002 адам) – басқа өңірде тұрады;
9% (16 859 адам) – табылмады;
1% (1 829 адам) – шетелге кеткен;
0,05% (91 адам) – қайтыс болғандардың есебінде.
Ескеретін жәйт, басқа өңірде тұратын адамдар тұрғылықты жері бойынша қайта тіркеуге тұруға мүдделі емес, өйткені дәл қазіргі уақытта оған қажеттілік жоқ.
Әлеуметтік мәртебе Сәйкестендіру жүргізілген 160841 азаматтың (тіркелген жері бойынша немесе басқа өңірде тұратын):
42% (68 109 адам) – жұмыс істемейтін адамдар,
32% (51 961 адам) – бейресми жұмыспен қамтылған және жеке кәсіпкер;
17% (28 683 адам) – үй шаруасындағы әйелдер;
4% (6 309 адам) – мүгедектігі бар адамдар; мерзімдік қызметтегі сарбаздар және мәртебесін анықтай алмағандар;
5% (7 779 адам) – жұмыс істеп жүргендеріне бір жыл толмағандар; студенттер, шетелде оқу оқитындар; зейнеткерлер, басқа мемлекеттерде төлем алып отырғандар; сотталғандар.
МӘМС-те мәртебенің болмау себептері: 54% – жарна төлеуге қаражаты жоқ,
29% – жарна төлегісі келмейді,
8% – ақылы медициналық көмек алады,
9% – сақтандырылуға уәде берді.
Бұл не берді және не істеу қажет? «Бұл талдау халықты қамту деңгейінің өспеуінің негізгі себебін анықтауға мүмкіндік берді, ол ең алдымен халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтуды арттыру үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жасаудың қажеттілігімен байланысты. Халықты МӘМС жүйесіне одан әрі тарту үшін бейресми жұмыспен қамтылғандар мен жеке кәсіпкерлермен нысаналы жұмыс жүргізу, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және басқа да шаралар қажет», – деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Айдар Нұралиев.
Медициналық сақтандыру қоры осы бағытта белсенді жұмысын жалғастырып, қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтін болады.
04.09.2024
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026



